Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда, шынайылық өзгереді.

Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда, шынайылық өзгереді.
Еліміз бойынша жүздеген ауылдар спиртті ішімдіктерді сатудан өз еркімен бас тартуда. Бұл – қарапайым халықтың саналы таңдауы. Тәртіп, денсаулық және балалардың болашағы үшін жасалған шешім.
Мысалы, Маңғыстау облысының бір ауылында тұрғындар ішімдікті сатуды тоқтатып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады. Осындай бастамалар Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстарда жүзеге асып жатыр.
Иә, бұл – теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін. Бірақ бастысы – оң өзгерістің басталуы. Мұндай елді мекендер саны күн сайын артып келеді. Адамдар сенім мен тұрақтылықты, тыныштықты жоғары бағалап, бір-біріне үлгі бола бастады.
✅ Бастама ауыл ақсақалдары мен Қоғамдық кеңестерден шығып, прокуратура, полиция және жергілікті әкімдіктер тарапынан үйлестіру, алдын алу және қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды.
✅ Ауыл кәсіпкерлері ерекше алғысқа лайық. Олар халықтың үнін естіп, дүкен сөрелерінен ішімдікті өз еркімен алып тастады.
✅ Күмәнданғандар болғанымен, олардың табысы азайған жоқ. Керісінше, ауыл тұрғындары енді балаларға пайдалы азық-түліктерді жиі сатып ала бастады.
Нәтиже қандай?
✔ Кейбір ауылдарда қылмыс мүлде жойылды.
✔ Тұрмыстық жанжалдар тоқтады.
✔ Жастар спорт пен саналы өмір салтын таңдай бастады.
Бұл – «Заң және Тәртіп» қағидатының өмірдегі нақты көрінісі. Тәртіп қорқыныш арқылы емес, сеніммен және саналы таңдаумен орнайды.
«Заң мен Тәртіп – кемел демократияның іргетасы әрі құқықтық мемлекеттің негізі», – деп Мемлекет басшысы атап өткен еді.
Біз қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке бағытталған кез келген бастаманы қолдаймыз!
📊 Ресми статистикаға сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш айында алкогольдік мас күйде жасалған қылмыстар саны азайды.
ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов