Ата-аналар жиналысыТақырыбы: “Адал азамат тәрбиелеу – ата-анамен мектептің ортақ міндеті”
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: “Адал азамат тәрбиелеу – ата-анамен мектептің ортақ міндеті”
4 “Б” сыныбында ата-аналармен маңызды кездесу өтті. Қоғамға пайдалы, адал, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – тек мектептің ғана емес, ата-ананың да тікелей міндеті екені айтылды. Баланың мінез-құлқы, адамгершілігі, өмірге деген көзқарасы ең алдымен отбасынан қалыптасатынына ерекше тоқталдық.
Жиналыс барысында:
🔹 адалдық қасиетін бала бойына дарытудың жолдары;
🔹 ата-ана мен мектеп арасындағы тұрақты байланыс маңыздылығы;
🔹 тәрбие мен білімнің ажырамас байланысы туралы ойлар ортаға салынды.
Ата-аналар да өз ұсыныстарымен бөлісіп, бірлескен тәрбиелік жұмыстарды күшейтуге ниет білдірді.
Өскелең ұрпақтың саналы, адал, парасатты азамат болып қалыптасуы – бәріміздің ортақ мақсатымыз. 🤝✨
Сынып жетекшісі: Өтеген Г.А.




