«Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылық айы «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектеп оқушыларымен «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды. Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасалды және жабдықталды. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша бағаланды. Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып жетекшілер,оқушылар және ата-аналар белсенді қатысты.