«ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында буллингтің алдын алу бағытындағы тәрбие сабағы өткізілді.
«ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында буллингтің алдын алу бағытындағы тәрбие сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі тақырыбы — буллингтен қорғану және көмек алу жолдары.
Оқушыларға:
• буллингтің қандай түрлері болатыны,
• қысымға түскен кезде өзін қалай ұстау керектігі,
• кімнен көмек сұрауға болатыны,
• жедел жәрдем мен сенім телефондарының маңызы
түсіндірілді.
Сабақ барысында балалар өз ойларын ашық айтып, қиын жағдайларда жалғыз қалмау керектігін, әрдайым қолдау көрсететін қызметтер бар екенін білді.
Буллингке қарсы мәдениет қалыптастыру — қауіпсіз мектеп ортасының басты шарты. Бүгінгі сабақ осы мақсатқа бағытталды.
Сыныбы: 9”Ә”
👩🏻🏫Сынып жетекшісі: Сырбаева А.Қ





