«Заң мен тәртіп», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллингтің зардаптары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
№38 қазақ орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллингтің зардаптары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің аға прокуроры Адманова Лира Бақыткерейқызы қатысты.
🔹 Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды сақтау мәдениетін қалыптастыру және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.




