«Көрісу күні — Амал мерекесі» тақырыбында тағылымды шара өткізілді.
Наурызнама тұжырымдамасы аясында жоспарға сәйкес ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Көрісу күні — Амал мерекесі» тақырыбында тағылымды шара өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Көрісу күні (Амал мерекесі) туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластық пен татулыққа тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының көрісу дәстүрін көрсетіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Көрісу күні — адамдардың амандық сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды жақсылықпен қарсы алатын ерекше күн екені атап өтілді.
Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастырады.




