Мектеп формасы 2025-2026 оқу жылына
“МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР”
2025-2026 оқу жылында 1-11-сынып оқушылары үшін мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығы негізінде, 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес сақталады.
Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сай болуы қажет.
🔹 Ұлдарға арналған мектеп формасы:
Қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар;
Күнделікті ақ жейде (қыс мезгілінде трикотаж жилетпен);
Шалбар еркін тігілген, ұзындығы тобықты жауып тұруы тиіс.
🔹 Қыздарға арналған мектеп формасы:
Қара-көк түсті пиджак, жилет, белдемше немесе шалбар;
Белдемше ұзындығы тізеден төмен болуы керек;
Ақ классикалық жейде (қыс мезгілінде трикотаж жилетпен);
Шалбар еркін тігілген, ұзындығы тобықты жауып тұруы тиіс.
🔹 Спорттық форма:
Қара түсті спорттық шалбар мен куртка, ақ футболка;
Ақ табанды спорттық аяқ киім (кроссовки, кеды).
🚫 Тыйым салынатын элементтер:
Мектеп формасына діни киім үлгілері мен аксессуарларды қосуға;
Джинсы, слаксы шалбарлар;
Тенниска, футболка;
Қысқа, торлы, немесе былғары белдемшелер киюге болмайды.

