Наурызнама тұжырымдамасы аясында мектебімізде Ұлттық спорт күні жоғары деңгейде аталып өтті
Наурызнама тұжырымдамасы аясында мектебімізде Ұлттық спорт күні жоғары деңгейде аталып өтті
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойындарды дәріптеу болды.
Шара барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындарына белсене қатысып, ептілік пен жылдамдықтарын, күш пен төзімділіктерін көрсете білді. Ұлттық спорт – тек ойын ғана емес, ол – рухани тәрбие мен ұлттық болмыстың айнасы екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ қасиеттері дарытылады.




