“Наурыз-Думан” өткізілген іс шара мереке
“Наурыз-Думан” 5Б сыныбанда өткізілген іс шара мереке Бұл шара – тек мереке емес, ол ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің жарқын көрінісі болды.
Оқушылар ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрпын дәріптеп, ән айтып, күй шертіп, көріністер қойып, ұлттық ойындар ойнады. Әсіресе, «Арқан тарту», «Асық ату» ойындары ерекше көңіл күй сыйлады.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы
Наурыз – татулық пен бірліктің мерекесі
Наурыз – ұлттық рухтың қайта түлеуі
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық сана қалыптасады. Сынып жетекшісі: Кузбаева Э.Б
«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»
Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын!




