Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, ырыс пен берекенің бастауы.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, ырыс пен берекенің бастауы. Осы айтулы мерекеге орай №38 қазақ орта мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды әрі әсерлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру, бірлік пен татулықты нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру болды.
Мереке барысында оқушылар ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын сахналап көрсетті. Әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, ұлттық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, Наурыздың басты тағамы – наурыз көже ұсынылып, мерекелік дастархан жайылды.
Бұл шара – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың ұлттық рухын көтеріп, туған елінің мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырды.







