«Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы» ережеге сәйкес мұғалімдер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
16.03.2025 жылы №38 қазақ орта мектебі КММ-сінде білім беру ұйымында «Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы» ережеге сәйкес мұғалімдер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жиын барысында педагогтарға авторлық материалдарды әзірлеу, оларды сараптамадан өткізу тәртібі, авторлық бағдарламалардың түрлері мен рәсімдеу талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған авторлық әдістемелік материалдардың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді 📚
Түсіндірме барысында педагогтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, әдістемелік бағытта қажетті мәліметтер алды 🤝
Аталған жұмыс педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға бағытталды




