«Сенім арту – жетістік кепілі» тренинг сабағы өтті.
«Сенім арту – жетістік кепілі» тренинг сабағы өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында «Сенім арту – жетістік кепілі» тақырыбында кезекті тренинг сабағы өтті. Шара барысында бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер қозғалды:
✅ Бала өміріндегі қиындықтар
✅ Агрессия, өтірік айту, ашулану және басқа қиын жағдайлардағы баланың сезімі («Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала»)
✅ Қиын жағдайға қалған балаға түсіністікпен қарау
✅ Қиын жағдайға қалған баланы қолдаудың тиімді жолдары
✅ Жағдайды шешуде баланың күшті жақтарына сүйену
Бұл тренинг ата-аналарға балаларының ішкі әлемін терең түсінуге, олармен сенімді қарым-қатынас орнатуға және қолдау көрсетуге көмектесті.
Балаңызға сенім арту – оның жетістігінің басты кепілі!
Ұйымдастырған:
Бастауыш сынып мұғалімі: Кемединова Г.