Таза Қазақстан — адал азаматтың таңдауы.
Таза Қазақстан — адал азаматтың таңдауы.
🌿✨ Таза Қазақстан — адал азаматтың таңдауы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек.
Ұлттық «Таза Қазақстан» жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» экологиялық акциясы бастау алды.
Астана қаласындағы Ботаникалық бақта Бас прокуратура қызметкерлері 80 түп ағаш отырғызды. Бұл игі іске еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары да белсенді түрде қатысатын болады.
Бұл — Отан қорғаушыларға деген құрмет пен болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау жолындағы маңызды қадам.
Әрбір азамат жасыл желекке ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді. Бұл — «Адал азамат» қағидатын ұстанатын саналы адамның таңдауы.
Әр ағаш — қаланың тынысы, өмірі және болашағы.