«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары
2025 жылдың 19 сәуір күні №38 қазақ орта мектебінде мектеп ауласын тазарту және көгалдандыру мақсатында сенбілік жұмыстары өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды.
Табиғатты аялау – ортақ парыз!
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер күн өткен сайын ушығып келеді. Қоқыстардың көбеюі, жасыл желектердің азаюы, ауаның, судың ластануы – бәрі де адамзаттың табиғатқа деген жауапсыз көзқарасының нәтижесі.
🧹 Сенбілік – табиғатты қорғауға қосқан үлес!
Бұл – табиғатқа қамқорлық танытудың қарапайым, бірақ маңызды жолы. Әрбір адам өз айналасын таза ұстау арқылы үлкен өзгеріске себепші бола алады.
Бірге тазалыққа, жасыл болашаққа қадам жасайық!
Табиғатты бірге қорғайық!

