Қанатты достарымызға қамқорлық!
1 сәуір – Құстар күні! Осыған орай, №38 қазақ орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге құстарға ұя жасады.
Бұл игі шараның басты мақсаты – құстарға жайлы мекен құру, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар өз қолдарымен жасаған ұяларын мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырып, кішкентай қанатты достарымызға қамқорлық көрсетті.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз! Құстарды қорғайық, табиғатты бағалайық!
Сынып жетекшісі: Наурызбаева Ж.

