Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қала мектептеріне қатысты жалған ақпараттар таралып, алаңдаушылық туындағаны белгілі.
Ресми дереккөздерге сәйкес, қаладағы жағдай толықтай тұрақты, барлық мектептер қалыпты режимде жұмыс жүргізуде.
🔒 Қауіпсіздік шаралары күшейтілді:
▪️ Бейнебақылау жүйелері тексерілді
▪️ Мектеп маңында құқық қорғау қызметкерлері бақылау жүргізді
▪️ Барлық қауіпсіздік талаптары назарда
Таңертеңгілік қабылдау дәстүрі бойынша мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері оқушыларды жылы шыраймен қарсы алды.
Бұл — мектебіміздің қауіпсіз, жайлы және сенімді орта екенін тағы да дәлелдейді.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Сабақтар өз кестесімен үздіксіз жалғасады. Жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми хабарламаларға құлақ асыңыздар.
✨ Жаңа апта баршаңызға сәттілік, табыс және жақсы көңіл-күй сыйласын!
Білімге деген талпыныстарыңыз арта берсін!




