«Құстар – біздің досымыз»
«Құстар – біздің досымыз»
🔰 5 сәуір 2025 жыл
📍 1 «Б» сыныбы
1 «Б» сыныбының оқушылары «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында сурет салып, өз шығармашылығын ортаға салды. Балалар әртүрлі құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіріп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Бұл шараның мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, оларды қорғауға баулу және қамқорлық сезімін қалыптастыру. Сабақ барысында балалар құстар туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, олардың мекендейтін ортасы, қоректенуі және адам өміріндегі рөлі жайлы әңгімелесті.
Осындай шығармашылық жұмыстар балалардың қиялын дамытып қана қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. 💚✨
Сынып жетекшісі: Джанбауова Д.Ж.