Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Бұл – табиғат жаңарып, жер бусанып, адамдардың жүрегіне жылу ұялайтын, береке мен бірліктің бастауы болған ерекше мейрам. Наурыз — татулықтың, мейірім мен үміттің, жаңарудың символы.
Ұлы мереке әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын. Жастарымыз білімді, елжанды болып өсіп, тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайта берсін.
Әр отбасына бақ-береке, зор денсаулық, толайым табыс тілеймін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
№38 қазақ орта мектебінің директоры
Урекешова Лариса Шадшадиновна




