1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 1 «Ә» сыныбында сынып сағаты өтті.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 1 «Ә» сыныбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты:
– Қазақстан мәдениеті туралы түсінік беру;
– Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету;
– Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;
– Оқушылардың сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елін, жерін сүюге баулу;
– Ұлттық рух пен достық сезімдерін нығайту.
Іс-шара барысында:
✔️ Оқушылар бірлік туралы өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті;
✔️ Әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылды;
✔️ Достық пен ынтымақтың маңызы туралы пікірлер ортаға салынды.
Сынып жетекшісі: Кшаева Ж. А.
