16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні
Бүгін 6-сынып оқушылары Наурыз мейрамы аясында «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне» арналған танымдық іс-шара өткізді.
Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы мәліметтермен бөлісіп, ұлттық ойындар ойнады.
Шара барысында оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артып, ата-баба дәстүрлерін құрметтеудің маңызы насихатталды.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, дәстүрімізді ұлықтайық!




