17 Наурыз – Шаңырақ күні
Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын ұлықтайтын, бірлік пен татулықты дәріптейтін ерекше мереке.Қазақ ұғымында шаңырақ – тек отбасының белгісі ғана емес, ол – береке мен бірліктің, мейірім мен махаббаттың нышаны. Берік шаңырақ – қоғамның негізі, ал өнегелі отбасы – ел болашағының жарқын кепілі.Осындай үлгілі отбасылардың бірі – мектебіміздің математика пәні мұғалімдері Сүйеуов Рауан мен Сүлейменова Айгерім. Олар 5 жыл бұрын шаңырақ көтеріп, бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана Қос ұстаз қызметте жауапкершілік пен кәсібилікті ту етіп, ал отбасында сыйластық пен түсіністікті басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Бір-біріне деген қолдау мен сенім олардың шаңырағын нығайтып, өмір жолында нық қадам басуына жол ашуда




