17 наурыз – Шаңырақ күні
17 наурыз – Шаңырақ күні
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі аясында мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушыларға отбасы, бірлік пен татулық ұғымдарының маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы тағылымды мәліметтер ұсынып, шаңырақтың қасиеті мен мәнін тереңінен таныстырды. Сонымен қатар түрлі сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Қазақ халқы үшін шаңырақ, бесік және табалдырық — киелі ұғымдар. Үй табалдырықтан басталып, бесік арқылы ұрпақ жалғасып, шаңырақ арқылы әулеттің түтіні түзу ұшады. «Түтінің түзу ұшсын», «шаңырағың биік болсын» деген ізгі тілектер — халқымыздың отбасыға деген ерекше құрметінің айғағы. 🕊️
Белсенділік танытып, өнер көрсеткен оқушылар ерекше көзге түсті. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Өткізгендер:
Жугунусова Г.С.
Сырбаева А.Қ.
Кадырова Н.Ж.




