ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Месяц: Март 2025

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары басталды!

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары басталды! 2025 жылдың 29 наурызында №38 қазақ орта мектебінде мектеп ауласын тазартуға арналған сенбілік жұмыстары басталды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп аумағын тазарту және оқушыларға экологиялық мәдениетті насихаттау. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау, аялау – әр адамның қасиетті борышы. Өкінішке қарай, бүгінде экологиялық мәселелер өзекті тақырыпқа…
ары қарай оқу/a>

Жаратылыстану бірлестігінің №4 отырысы.

28.03.2025 ж. Жаратылыстану бірлестігінің №4 отырысы.Күн тәртібінде:1. №3 отырыс қаулысының орындалуы.2. Баяндама: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану – сапалы білімнің негізі».3. 7-11 сынып оқушыларының талапқа сай жұмыс дәптерлері, зертханалық және бақылау жұмыстарының жүргізілуін тексеру қорытындысы.4. ІІІ тоқсан қорытындысы.

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің №4 отырысы№3 отырыстың орындалуы.

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің №4 отырысы №3 отырыстың орындалуы.Олимпиада қорытындылары.III тоқсанның білім сапасын диагностикалау.

Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер

Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер «Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары…
ары қарай оқу/a>

1-11 сынып жетекшілерінің отырысы.

2025 жылдың 27 наурызында көктемгі демалыс күндеріндегі мектепішілік жоспарға сәйкес 1-11 сынып жетекшілерінің отырысы өтті. ▪️ Жиынның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру. ▪️ Отырыста сынып жетекшілерінің оқу жылы барысында атқарған жұмыстары талқыланып, тәрбие жұмысының өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың тәртібі, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен жұмысты жетілдіру бағытында тәжірибе алмасу жүргізілді.…
ары қарай оқу/a>

2025 жылдың 27 наурызында директор жанындағы кеңес өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:▪️Педагогтардың оқыту үрдісінде ағылшын тілі пәнінен АКТ қолдану деңгейін зерделеу;▪️Көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің берілуі;▪️Ұлдар мен қыздар кеңестерінің жұмысы;▪️Білім класстың толтырылуы.

Педагогикалық кеңес «Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы үйлесімділік, серіктестік, педагогикалық қолдау».

Педагогикалық кеңес.Тақырыбы: «Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы үйлесімділік, серіктестік, педагогикалық қолдау».

Тарих бірлестігінің отырысы.

Тарих бірлестігінің отырысы. Күн тәртібінде:1.№3 отырыстың орындалуы;2.Олимпиада қорытындысы;3.3 тоқсанның білім сапасының диагностикасы.

5 «А» сынып оқушылары көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында отбасымен кітап оқуда!

5 «А» сынып оқушылары көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында отбасымен кітап оқуда!Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге үйрету, тіл байлығын дамыту.▪️Алтынбек Медина▪️Жамбаева Ажар▪️Балаева НаргизСынып жетекшісі: Оразалы Г. Е.

«Менің отбасыммен өткізген қызықты күнім» тақырыбындағы отбасылық фотосессиясы.

5 “А” сынып оқушысы Серікқали Айшаның «Менің отбасыммен өткізген қызықты күнім» тақырыбындағы отбасылық фотосессиясы.Сынып жетекшісі: Оразалы Г. Е.