ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Месяц: Апрель 2025

9 «Ә» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өтті!

9 «Ә» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өтті! Сынып сағаты барысында оқушылар су ресурстарының шектеулі екенін түсініп, оларды үнемдеу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Табиғаттың байлығын сақтау – біздің қолымызда екенін әрқайсысы сезінді. Оқушылар суды үнемдеудің қарапайым әдістерін өз өмірінде қолдануға ниет білдіріп, болашақ ұрпаққа таза су қалдыруға деген жауапкершілікті…
ары қарай оқу/a>

8 «Ә» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді!

8 «Ә» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді! Оқушылар су ресурстарының маңызын түсініп, табиғатты қорғаудың жолдарын талқылады. Әрқайсысы суды үнемдеу үшін өз күнделікті өмірінде не істей алатынын ойлап, белсенді пікір алмасты. Бұл сынып сағаты экологиялық тәрбие беріп, болашақ ұрпақ үшін таза әрі қорғалған табиғатты сақтап қалуға деген жауапкершілік сезімін арттырды. Суды…
ары қарай оқу/a>

2 ә сыныбында «Суды үнемде, болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өтті.

2 ә сыныбында «Суды үнемде, болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар су ресурстарын үнемдеу, судың шексіз қоры жоқ екендігі және болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады. 🌱✨ Сынып сағатында балалар түрлі тапсырмалар орындап, суды үнемдеп пайдалану қажеттігін түсінді. Бұл шара оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғауға деген көзқарастарын жақсартты. 💦🌿Сынып жетекшісі: Кшаева Ж.

«Қағаз — қайта өңдеуге жарамды қазына!»

«Қағаз — қайта өңдеуге жарамды қазына!»Экологиялық тәрбиеге бағытталған экоакция ұйымдастырылды. Мақсат – қағаз қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге тапсыру арқылы табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашыр болуға үйрету. Акция барысы:▪️Оқушылар мен ата-аналарға қағаз жинау туралы хабарлама таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.▪️Әр оқушы өз үйінен, сыныптан және көршілерінен ескі кітаптар, газет-журналдар мен басқа да қағаз қалдықтарын жинап әкелді.▪️Барлық қағаздар…
ары қарай оқу/a>

«Таза бейсенбі» қалалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы белгілі тұлға — халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің ескерткіші маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.

17.04.2025 жылы №38 қазақ орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері «Таза бейсенбі» қалалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы белгілі тұлға — халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің ескерткіші маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ата-бабаларымыздан қалған тарихи-мәдени мұраларымыз — ел руханиятының алтын қазынасы. Осындай игі шаралар арқылы оқушылар өз елінің тарихын танып, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырады. Іс-шара барысында оқушылар…
ары қарай оқу/a>

«Таза Қазақстан » акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары

«Таза Қазақстан » акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары 📅 2025 жылдың 5 сәуір күні №38 қазақ орта мектебінде мектеп ауласын тазарту және көгалдандыру мақсатында сенбілік өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мен оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту. 🌍 Табиғатты аялау – ортақ міндет! Өкінішке қарай, экологиялық мәселелер күн сайын өзекті болып келеді. Қоқыстардың көбеюі, жасыл…
ары қарай оқу/a>

«Сенім арту – жетістік кепілі» тренинг сабағы өтті.

«Сенім арту – жетістік кепілі» тренинг сабағы өтті. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында «Сенім арту – жетістік кепілі» тақырыбында кезекті тренинг сабағы өтті. Шара барысында бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер қозғалды: ✅ Бала өміріндегі қиындықтар✅ Агрессия, өтірік айту, ашулану және басқа қиын жағдайлардағы баланың сезімі («Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала»)✅ Қиын жағдайға…
ары қарай оқу/a>

«Құстар – біздің досымыз»

«Құстар – біздің досымыз» 🔰 5 сәуір 2025 жыл📍 1 «Б» сыныбы 1 «Б» сыныбының оқушылары «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында сурет салып, өз шығармашылығын ортаға салды. Балалар әртүрлі құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіріп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, оларды қорғауға баулу және қамқорлық сезімін қалыптастыру. Сабақ…
ары қарай оқу/a>

Сенімнің күші – қамқорлықта.Бір мектептегі өзгеру тарихы

Сенімнің күші – қамқорлықта.Бір мектептегі өзгеру тарихы Сенімнің күші – қамқорлықта.Бір мектептегі өзгеру тарихы 2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.…
ары қарай оқу/a>

Ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды!

Ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды! Ақтөбе қаласы #№38 қазақ орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілетін «Құқықтық мәдениет» республикалық құқықтық сауаттылық айлығының жоспары негізінде ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл шара ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!