ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Месяц: Март 2026

«Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы» ережеге сәйкес мұғалімдер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

16.03.2025 жылы №38 қазақ орта мектебі КММ-сінде білім беру ұйымында «Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы» ережеге сәйкес мұғалімдер арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.Жиын барысында педагогтарға авторлық материалдарды әзірлеу, оларды сараптамадан өткізу тәртібі, авторлық бағдарламалардың түрлері мен рәсімдеу талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған авторлық…
ары қарай оқу/a>

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні Бүгін 6-сынып оқушылары Наурыз мейрамы аясында «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне» арналған танымдық іс-шара өткізді. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы мәліметтермен бөлісіп, ұлттық ойындар ойнады.Шара барысында оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артып, ата-баба дәстүрлерін құрметтеудің маңызы насихатталды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, дәстүрімізді ұлықтайық!

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Назарбаев Университетінде білім беруді трансформациялаудың стратегиялық басымдықтарын таныстырды

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Назарбаев Университетінде білім беруді трансформациялаудың стратегиялық басымдықтарын таныстырдыНазарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру жүйесін трансформациялау» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәріс аясында жоғары оқу орнының жас ғалымдары орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен заманауи білім беру…
ары қарай оқу/a>

«Көрісу күні — Амал мерекесі» тақырыбында тағылымды шара өткізілді.

Наурызнама тұжырымдамасы аясында жоспарға сәйкес ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Көрісу күні — Амал мерекесі» тақырыбында тағылымды шара өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға Көрісу күні (Амал мерекесі) туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластық пен татулыққа тәрбиелеу.Шара барысында оқушылар қазақ халқының көрісу дәстүрін көрсетіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Көрісу күні — адамдардың амандық…
ары қарай оқу/a>

Lesson Study аясында сабақ өткізілді.

Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі тақырыбында 9 «Б» сыныбында Lesson Study аясында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуын бағалап, еліміздің аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыстарын талдады. Сабақтың мақсаты – оқушылардың Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөлін түсінуіне ықпал ету, халықаралық ұйымдармен байланысын саралап, талдау дағдыларын дамыту. Сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындалып, оқушылар…
ары қарай оқу/a>