ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

День: 07.04.2026

Халықаралық сахнадағы жарқын жеңіс!

Халықаралық сахнадағы жарқын жеңіс! №38 қазақ орта мектебінің «Saltanat» би тобы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Tashkent Talent Fest» халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. ✨ «Үнді халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсеткен жас бишілеріміз кәсіби шеберліктерін дәлелдеп,🥇 I дәрежелі Лауреат атағын жеңіп алды! Бұл — оқушыларымыздың еңбегі мен талантының, сондай-ақ жетекшінің жүйелі жұмысының…
ары қарай оқу/a>

«Білім мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конститутцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 08.04.2026 күні 11 «а, ә» сыныбында «Білім мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конститутцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

“7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні”

“7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні”Мақсаты:Оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.Жетекшісі: Изтаева Б.А.3”А”сыныбы

“Ғарыш жолы жалғасады” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Бастауыш сыныптар апталығы аясында 8 сәуір күні 4”в”сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен “Ғарыш жолы жалғасады” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты – шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау және мәтіннен қажетті ақпаратты табу дағдыларын қалыптастыру.