Мектеп 1994 жылы No23 орта мектеп жанынан бастауыш мектеп болып ашылған. 1999 жылы орталау мектеп болып жеке ғимаратқа көшірілді. 2001 жылы жалпы орта білім беретін мектеп болды. Мектепке берілген ғимарат бұрын құрылыс техникумы болып, 1975 жылы салынған. Мектеп үйі жобасы типтік емес. Ауданы 6297 кв.м., 5 қатарлы 900 орынды. Мектепте спортзал, мектеп сыртындағы жазғы спорт алаңдары, медициналық бөлме, кітапхана, би залы, мәжіліс залы, асхана жұмыс жасайды. 34 оқу кабинеттері бар, оныңы ішінде ағылшын тілі пәні бойынша білім алатын арнайы мультимедиялық кабинеті бар. Физика, химия кабинеттері зертханасымен жабдықталған, екі информатика кабинеті, алғашқы әскери дайындық кабинеті жұмыс жасауда.
Тосқауылсыз ортаның болуы : пандус, лифт, көтергіш, тактильді жолдар, Брайль тақтайшалары – СНиП-тің қойылған талаптарына сай мектепте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және тактильді жолдар орнатылған.
Адамдар көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың 65 тармағының 1-қосымшасына сай жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі арқылы күндізігі және түнгі үрдістер үнемі бақылауда.
Білім беру мекемесінің ғимаратына кірер ауызда вахта орналасқан. Мекемеге келіп, кетушілерді вахтер жеке куәліктермен арнайы журналға тіркеп отырады. Бейнебақылау камералары мектептің ішкі және сыртқы кірер есіктерінде және қосалқы есіктерінде орналастырылған.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысының ережесіндегі қойылатын талаптарға сәйкес – Объектідегі адамдардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы ғимаратқа «Регион 19» ИПР техникалық құралдар жиынтығы орнатты.
2022 ж 01.04 күні «Күзет 911» «Дабыл» түймесі қондырылды.
Жобалық қуаты:900 балаға арналған. 5 қатарлы.
Жалпы көлемі – 6297,3 ш/м;
Мектеп ғимараты – 4881,9 ш/м; тамбур-31.3 ш/м;
Гараж 192 ш/м; мастерск.342,3 ш/м;
Спортзал-1160 ш/м;(1988)
Жер учаскесі 1,3280 га