2024–2025 оқу жылындағы аға тәлімгердің жұмысына талдау
Аға тәлімгер: Уразова Римма Исатайқызы
Мақсаты:
-Оқушылардың бойында ұлттық тәрбие мен азаматтық сана қалыптастыру;
-Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
-Патриоттық, рухани-адамгершілік, эстетикалық және құқықтық тәрбие беру;
-Жастар арасында жағымды моральдық-әлеуметтік орта құру.
Негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар:
№ 38 қазақ орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына аға тәлімгерімен «Жас ұлан және Жас қыран» мектепішілік ұйымына жұмыс жоспары құрылды. Жоспар бойынша 1 қыркүйек — Білім күніне арналған «Мектебім — мейірім мекені» атты салтанатты жиын мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар және қонақтар қатысты. Іс-шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан Исаұлы арнайы келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
2024- 2025 оқу жылында Өзін – өзі басқару» ұйымының Президенттік сайлауына үміткер болуға хабарландыру 24 қыркүйекте мектептің әлеуметтік желісіне салынды. 9-10 сынып оқушылары: Сейдалин Даулет, Жумалыев Нұрбек, Утямисова Саялы, Ахметов Муслим, Көпжасар Дильназ өздерінің сайлау алдындағы бағдарламасымен мектептің әлеуметтік желісінде бөлісті. Мектеп президентінің сайлауы 2024 жылдың 15 — қазанында белгіленген ережелерге сәйкес жасырын дауыс беру негізінде өтті. Есеп комиссиясының шешімі бойынша ең көп дауыс санын жинаған 10 «А» сынып оқушысы Көпжасар Дильназ мектеп президенті болып сайланды.

Қазан айында 2–4 , 5–7,8–10 сынып оқушыларының қатысуымен мектебімізде «Арайлы, алтын күз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

25-қазан Республика күніне орай «Жасай бер, жаса – Қазақстаным» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

2025 жылдың «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық ертеңгілігі өткізілді.

“Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында “Шабыт” жобасын іске асыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып, “Кешір мені, Ана!» «Менің атым Қожа», «Мәңгүрт» атты театрландырылған қойылымдары қойылды.
Мектебімізде 8-10 сынып қыз балалары арасында “Бұрымды қыз” кеші өтті. “Бұрымды қыз” кешіне 8 аруымыз өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушы аруларға “Қолаң шаш”, “Сұлу шаш”, “Мықты шаш”, “Сәнді шаш”, “Жібектей шаш”, “Шуақты қыз”, “Бұрымды ару”, “Көрермен көзайымы” номинациялары берілді.

20 наурыз күні мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мұғалімдер арасында «Дәстүр мен өнер – ұлт мұрасы» атты сайыс өтті.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smart Bala» жобасын іске асыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып, «Үздік көшбасшы – 2025» тақырыбында оқушылар арасында сайыс өткізілді.

Оқушылар ұйымымен жұмыс:
-Мектептегі оқушылар кеңесі, өзін-өзі басқару ұйымы, белсенді жұмыс атқарды.
-«Мектеп кеңесі» ай сайын жиналып, ұсыныстар мен бастамалар көтерді.
-Оқушылар өзін-өзі басқару күні өткізілді.
Волонтерлік және әлеуметтік жобалар:
«Қарттарым – асыл қазынам» акциясы аясында қарттар үйіне көмек көрсетілді;
«Таза мектеп – таза ұрпақ» таза бейсенбі жұмыстары ұйымдастырылды;
«Жақсылық жаса» жобасы – аясында 1жылда 2 рет жәрмеңке өткізілді.
Қауіпсіздік және тәртіп:
-«Мектеп формасын сақта» тақырыбында 1 айда 2 рет жиналыс жасалды, сабаққа қатысу, оқушылардың жүріс-тұрысы бойынша күнде сабақта бақылау жүргізілді.
-Қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-Мектеп инспекторымен және әлеуметтік педагогпен бірлескен рейдтер өтті.
Нәтижелер:
Оқушылардың қоғамдық белсенділігі артты.
Оқушылар ұйымының жұмысында жүйелілік қалыптасты.
Ата-аналармен, сынып жетекшілермен байланыс нығайды.
Қорытынды: 2024–2025 оқу жылы бойы аға тәлімгердің жетекшілігімен мектепте тәрбие жұмысы жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді. Жылдық тәрбие жоспарына сәйкес барлық бағыттағы іс-шаралар уақытында өткізілді. Оқушылар ұйымының белсенділігі артты, мектепішілік тәртіп сақталды, оқушылардың қоғамдық өмірге қызығушылығы күшейді.
Жалпы, жыл қорытындысы бойынша:
40-тан астам тәрбиелік іс-шара өткізілді;
Қайырымдылық пен қоғамдық белсенділік артты;
Мектеп пен ата-ана, оқушы арасындағы өзара байланыс нығайды;
Оқушыларда мейірімділік, отансүйгіштік, жауапкершілік сезімі қалыптасты.
Ұсыныстар:
Ата-аналармен бірлескен жобаларды көбейту;
Мектепішілік еріктілер клубын жүйелеу;
Әлеуметтік желілерде тәрбие жұмыстарының ақпараттық жарияланымын арттыру.