15.10.2024 күні «Мектеп Парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп президентінің сайлауы өтті. Сайлауға мектеп мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп президенттігіне үлгерімі жоғары және тәртібі жақсы 5 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде 10 «А» сынып оқушысы Көпжасар Дильназ Октябрьқызы басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттілігіне сайланды.
Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында 1-4 сынып білім алушыларына тегін ыстық тамақпен қамтылуы ұйымдастырылды. Бекітілген кесте мен белгіленген уақыт бойынша екі кезеңде тамақтандыру жұмысы жүргізілуде.1 кезеңде 1,4 сыныптарда 139 білім алушы;2 кезеңде 2,3 сыныптарда 145 білім алушы, барлығы бастауышта 284 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. @aqtobe_bilim_basqarmasy@aqtobe_bilim_bolimi
Мектебімізде 2024-2025 оқу жылындағы брокераждық комиссия жоспар бойынша өз жұмысын бастады. Комиссия мүшелері күнделікті ас мәзірі сәйкестігін, тамақтың сапасын бақылау журналы, келіп түскен тамақ өнімдерін уақытылы тіркеу журналы толтырылған. Асхана таза, жарық, талапқа сай. Ыдыс-аяқтар жеткілікті, жарамсыз ыдыстар болған жоқ. @aqtobe_bilim_bolimi@aqtobe_bilim_basqarmasy