ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Жаналықтар

«Адал азамат тәрбиелеу – ата-ана мен мектептің ортақ міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

«Адал азамат тәрбиелеу – ата-ана мен мектептің ортақ міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. 🔹 Жиналыстың мақсаты – оқушылар бойында адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын күшейту.🔹 Ата-аналармен тәрбиедегі маңызды бағыттар талқыланып, ұсыныстар қабылданды.🤝 Адал ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз!Сынып жетекшісі — Оразалы Г.

7 «Ә» сыныбында «Тұмау және ЖРВИ профилактикалық шаралары» тақырыбында диктант жұмысы жүргізілді.

7 «Ә» сыныбында «Тұмау және ЖРВИ профилактикалық шаралары» тақырыбында диктант жұмысы жүргізілді. Мақсаты — оқушылардың сауаттылығын арттыру, денсаулыққа қатысты түсінігін кеңейту және алдын алу шараларын жеткізу.Оқушылар мәтін арқылы тұмаудан сақтану жолдары, жеке гигиена, дұрыс тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекітті. Білім мен денсаулық — болашақ кепілі!

«Буллингтен қорған. ДосболLike»2 «Ә» сынып тәрбие сағаты

«Буллингтен қорған. ДосболLike»2 «Ә» сынып тәрбие сағаты 📌 «Буллингтен қорған. ДосболLike»2 «Ә» сынып тәрбие сағаты 2 «Ә» сыныбында буллингтің алдын алу мақсатында «Буллингтен қорған. ДосболLike» атты тәрбие сағатын өтті.Балалар достық, сыйластық, бір-біріне қолдау көрсету туралы өз ойларымен бөлісіп, жақсы қарым-қатынас жасаудың маңызын түсінді. 🤝 Біздің мақсат – мейірімді, қамқор, досын құрметтей білетін тұлға тәрбиелеу.ДосболLike –…
ары қарай оқу/a>

«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»

«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуын тежейтін, әділдікке нұқсан келтіретін өзекті проблема. Мақсат – оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын түсіндіру және жемқорлықтың теріс әсерін ұғындыру

«Заң мен тәртіп», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллингтің зардаптары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

№38 қазақ орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллингтің зардаптары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің аға прокуроры Адманова Лира Бақыткерейқызы қатысты. 🔹 Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды сақтау мәдениетін қалыптастыру және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мектеп формасы 2025-2026 оқу жылына

“МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР” 2025-2026 оқу жылында 1-11-сынып оқушылары үшін мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығы негізінде, 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес сақталады.Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сай болуы қажет. 🔹 Ұлдарға арналған мектеп формасы:Қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар;Күнделікті ақ жейде (қыс…
ары қарай оқу/a>

“Бішімім — отаныма”

“Бішімім — отаныма” 3 “Б” сыныбы бойынша сынып сағаты өткізілді.📝Мақсаты:Білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,олардың бойында патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру,білім алу маңызын ұғындыра отырып,ел болашағы үшін аянбай еңбектенуге тәрбиелеу.Сынып жетекшісі:Өтеген Г.А.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Таза Қазақстан” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

3 “Б” сыныбында “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Таза Қазақстан” тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауға 12 оқушы қатысып,үздік эссе жазған оқушылар марапатталды.Сынып жетекшісі:Өтеген Г.А.

“Білімім — Отаныма!” атты сынып сағаты өтті.

“Білімім — Отаныма!” атты сынып сағаты өтті. 23.05.2025 жылы 7 “А” сыныбында “Білімім — Отаныма!” атты сынып сағаты өтті.Мақсаты:• Оқушылардың бойында білімге деген құштарлықты арттыру;• Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;• Қазақстанның дамуына білімнің рөлін түсіндіру.Сынып жетекшісі: Есекен А.Қ.

«Бастауышым – Балбұлағым» атты мерекелік шара.

«Бастауышым – Балбұлағым» атты мерекелік шара. 16 мамыр күні 4 «Б» сыныбында «Бастауышым – Балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу мерекесіне арналған тәрбие сағаты өтті.Оқушылардың барлығы белсене қатысып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.Сынып жетекшісі: Кемединова Г.