📚«Бастауыш білім-бастау бұлағы»Бастауыш сынып бірлестігі апталығы аясында 2«А» сыныбында «Кім күшті?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
✨ Сабақ барысында оқушылар «Кім күшті?» тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салып, күштілік ұғымының мәнін түсініп, адамның бойындағы жақсы қасиеттер, батылдық, ақылдылық пен қайсарлық туралы ақпарат алды.🎯 Түрлі қызықты тапсырмалар мен танымдық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігі артып, өз пікірлерін еркін жеткізуге, бір-бірін тыңдауға және тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып меңгеруіне мүмкіндік жасалды.Сынып жетекшісі:Жеңісова М.Б




