1-11 сынып жетекшілерінің отырысы.
2025 жылдың 27 наурызында көктемгі демалыс күндеріндегі мектепішілік жоспарға сәйкес 1-11 сынып жетекшілерінің отырысы өтті.
▪️ Жиынның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру.
▪️ Отырыста сынып жетекшілерінің оқу жылы барысында атқарған жұмыстары талқыланып, тәрбие жұмысының өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың тәртібі, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен жұмысты жетілдіру бағытында тәжірибе алмасу жүргізілді.
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі: Асимбетова Лиза Куанышовна.

