17 наурыз – Шаңырақ күні
17 наурыз – Шаңырақ күні
Наурызнама онкүндігі аясында Шаңырақ күніне орай мектебіміздің бір шаңырақ астында еңбек етіп жүрген үлгілі отбасыларын таныстыруды жөн көрдік
Мектебіміздің мұғалімдері — дене шынықтыру пәні мұғалімі Бердібекұлы Мейірбек пен мектеп психологы Бердібек Гүлайым Жәнібекқызы — отбасы мен қызметті қатар алып жүрген жарасымды жұп
Олар өзара сыйластық пен қолдаудың, татулық пен түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Осындай өнегелі отбасылар ұжымның бірлігін нығайтып қана қоймай, жас ұрпаққа да отбасы құндылықтарының маңызын дәріптейді
Берекелі шаңырақтарыңыз биік, бақыттарыңыз баянды болсын! Шаңырақ күні құтты болсын





