17 наурыз – Шаңырақ күні
17 наурыз – Шаңырақ күні
Наурызнама мерекесінің бір күні – Шаңырақ күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптеуге арналған.
Қазақ халқында шаңырақ – отбасының, береке мен бірліктің белгісі. Берік отбасы – қоғамның негізі, ел болашағының кепілі.
Шаңырақ – қазақ халқы үшін отбасының, бірлік пен берекенің символы. Берік отбасы – елдің берекесі мен қоғамның тірегі.
Отбасындағы сыйластық, түсіністік пен мейірім әрбір шаңырақты бақытқа бөлейді. Осындай құндылықтарды құрметтеу – жас ұрпаққа үлгі.
Осындай үлгілі жас отбасылардың қатарында мектебіміздің мұғалімдері Тынышов Асет Сериккалиевич пен Муса Жібек Ерболатқызы да бар. Олар бір жұмыс орнында қызмет ете жүріп,2023 жылдың 6 тамызында шаңырақ көтеріп, ортақ өмір жолын бастады. Бүгінде екеуі де мемлекеттік қызметте еңбек етіп, ел игілігі жолында аянбай қызмет атқарып келеді.
Қызметте кәсібилік, жауапкершілік пен адалдық маңызды болса, отбасында өзара сыйластық пен қолдау басты орын алады. Ортақ мақсаттар мен берік сенім олардың шаңырағын нығайтып, болашаққа нық қадам басуына негіз болуда.
Жас отбасының ең басты құндылықтары – татулық, түсіністік және өзара құрмет. Осындай берік іргетасқа құрылған шаңырақ алдағы уақытта үлкен жетістіктер мен баянды бақытқа жететіні сөзсіз.
Шаңырақ күні – отбасы бірлігі мен берекесін насихаттайтын ерекше күн.
Барша отбасыларға амандық, бақыт пен татулық тілейміз!




