Қаупсіз жазғы демалыс
Бастауыш сынып оқушыларына электр қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын ЖШС «Энергосистема» электр монтері Сағынданов Дастан Арыстанұлы жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға жаз мезгілінде электр құрылғыларымен абай болу қажеттігі түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Мұндай шаралар балалардың қауіпсіздік дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі.
ҚАУІПТІ ЭЛЕКТР ЗАТТАРЫ:
🔹 Электр щиттары
🔹 Ашық немесе үзілген сымдар
🔹 Сынған шамдар мен патрондар
🔹 Электр құралдары (теледидар, желдеткіш, зарядтағыштар)
🔹 Ұзартқыштар мен розеткалар
Есіңде сақта: ✔️ Су қолмен электр заттарына тиме
✔️ Бөтен заттарды розеткаға салма
✔️ Электр құралдарын тек үлкендердің көмегімен қолдан
✔️ Қауіпті жағдайды көрсең — бірден үлкендерге айт!
Электр тогы көзге көрінбейді, бірақ өте қауіпті!
Өзіңді қорға — қауіпсіздікті сақта!




