8 “б” сыныбында қазақ тілі пәнінен аралық аттестаттау емтиханы өткізілді.
2026 жылдың 26 мамырында №38 қазақ орта мектебі бойынша 8 “б” сыныбында қазақ тілі пәнінен аралық аттестаттау емтиханы өткізілді.
Емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың қазақ тілі пәні бойынша меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтау, оқу бағдарламасының орындалу деңгейін бағалау, сондай-ақ оқушылардың сауатты жазу, дұрыс оқу және өз ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін тексеріп, сыныптан сыныпқа көшіру.
Емтиханның өткізілу барысына мектеп директоры Л. Ш. Урекешова бақылау жасап, емтиханның талапқа сай әрі әділ өтуін қадағалады. Сонымен қатар оқу ісінің орынбасары Ж. М. Айпанова ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, емтихан тәртібінің сақталуын тексерді.





