2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті.
«Сәт сапар, жас түлек – 2026!»
Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Бұл күн — шәкірттер үшін қуаныш пен толқынысқа толы, есте қалар ерекше сәттердің бірі болды.
Мерекелік жиында түлектерге жүрекжарды тілектер айтылып, олардың болашаққа нық сеніммен қадам басуына ақ жол тілінді. Ұстаздар мен ата-аналардың ақ батасы, оқушылардың әсем әндері мен әсерлі сәттері мерекенің сәнін келтірді.
Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
Армандарың асқақ, болашақтарың жарқын болсын!




