«Отан қорғау — абыройлы міндет!»
«Отан қорғау — абыройлы міндет!»
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Бүкілармиялық кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, елімізде әскери қызметтің беделін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Осыған орай, 03.04.2025 жылы 9-11 сынып оқушыларына әскери қызметтің маңыздылығы мен артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жас ұрпаққа Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, әскери мамандықтардың мәртебесі және ел қорғаны болудың жауапкершілігі жайлы ақпарат берілді.
Қуатты әскер – Тәуелсіз елдің тірегі!
