1 сәуір – Халық құстар күні
Бүгін 7 «А» сынып оқушылары Халықаралық Құстар күніне орай табиғатты қорғау мен құстарға қамқорлық көрсету мақсатында керемет бастама көтерді! Оқушылар құстарға арнап ұя жасап, оны мектеп ауласындағы ағаштарға ілді.
Бұл іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, құстарды қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Құстарға жаңа ұялар – олардың жайлы мекені мен көктемнің керемет сыйы!
