«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары басталды!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары басталды!
2025 жылдың 29 наурызында №38 қазақ орта мектебінде мектеп ауласын тазартуға арналған сенбілік жұмыстары басталды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп аумағын тазарту және оқушыларға экологиялық мәдениетті насихаттау.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау, аялау – әр адамның қасиетті борышы. Өкінішке қарай, бүгінде экологиялық мәселелер өзекті тақырыпқа айналып отыр. Қоқыстың көбеюі, орман алқаптарының жойылуы, су ресурстарының ластануы – барлығы табиғатқа немқұрайлы қараудың салдары.
Осындай мәселелердің алдын алу үшін сенбілік сияқты игі бастамалар маңызды рөл атқарады. Әрбір адам табиғатты аялауға өз үлесін қоса алады. Ол үшін:
✅ Қоқысты арнайы орындарға тастау;
✅ Суды үнемдеу;
✅ Ағаш отырғызып, көгалдандыруға үлес қосу қажет.
Кішкентай әрекеттердің өзі қоршаған ортаға үлкен өзгеріс әкеледі!
Табиғатты бірге қорғайық!

