ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Адалдық – ардың ісі!

Адалдық – ардың ісі!


2025 жылдың 22 сәуір күні 5 «А» сыныбында бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар адалдық, әділдік, парасаттылық, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын терең түсінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және дұрыс өмірлік ұстаным тәрбиелеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған бейнеролик көрсетілді.

Оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Адал болу – әр адамның таңдауы, ал біз бұл таңдауды саналы түрде жасап келеміз!

Өткізген:
Сынып жетекшісі: Оразалы Г. Е.