«Таза бейсенбі» қалалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы белгілі тұлға — халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің ескерткіші маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
17.04.2025 жылы №38 қазақ орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері «Таза бейсенбі» қалалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы белгілі тұлға — халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің ескерткіші маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ата-бабаларымыздан қалған тарихи-мәдени мұраларымыз — ел руханиятының алтын қазынасы. Осындай игі шаралар арқылы оқушылар өз елінің тарихын танып, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Іс-шара барысында оқушылар ескерткіш айналасын тазалап, қоршаған ортаға жанашырлық танытты. Бұл — тек тазалық емес, ұрпаққа үлгі болатын тәрбиелік мәні зор әрекет.
«Таза бейсенбі — таза жүрекпен басталған іс» деген ұстаныммен, мектебіміздің ұжымы алдағы уақытта да осындай қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуды жалғастырады.

