«Қағаз — қайта өңдеуге жарамды қазына!»
«Қағаз — қайта өңдеуге жарамды қазына!»
Экологиялық тәрбиеге бағытталған экоакция ұйымдастырылды. Мақсат – қағаз қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге тапсыру арқылы табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашыр болуға үйрету.
Акция барысы:
▪️Оқушылар мен ата-аналарға қағаз жинау туралы хабарлама таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
▪️Әр оқушы өз үйінен, сыныптан және көршілерінен ескі кітаптар, газет-журналдар мен басқа да қағаз қалдықтарын жинап әкелді.
▪️Барлық қағаздар сұрыпталып, өлшеніп, арнайы қаптарға салынып, жергілікті қайта өңдеу орталығына тапсырылды.
Бұл шара – тек тазалық емес, табиғатқа жанашырлықтың белгісі. Оқушылар ағаштарды сақтап қалудың бір жолы – қағазды қайта өңдеуге тапсыру екенін түсінді. Болашақта мұндай акциялар дәстүрге айналса, қоршаған ортаға қосар үлесіміз арта түсері сөзсіз!

