5 «А» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өтті.
5 «А» сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, су ресурстарын үнемдеудің жолдарын үйрету және экологиялық сананы қалыптастыру болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар су тапшылығының салдары туралы бейнематериал көріп, суды үнемдеудің қарапайым тәсілдерін талқылады. Олар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау жайында пікір алмасты. Әр оқушы «Мен суды қалай үнемдеймін?» тақырыбында өз көзқарасын білдіріп, экологиялық сауаттылықтарын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыра түседі.
Суды үнемдеу – ортақ міндетіміз! Табиғатты аялау – болашаққа жасаған ең үлкен қамқорлығымыз!
Сынып жетекшісі: Оразалы Г.Е.