Сынып сағаты: «Суды үнемде — болашақты сақта!»
Сынып сағаты: «Суды үнемде — болашақты сақта!»
2 а сыныбында табиғатты қорғауға арналған маңызды тақырыптардың бірі — суды үнемдеу туралы сынып сағаты өтті. Оқушылар су — тіршілік көзі екенін, оны қорғау мен үнемдеудің маңызын терең түсінді. Сабақ барысында су ресурстарының сарқылу себептері, оның адам өміріндегі рөлі мен күнделікті өмірде суды қалай үнемдеуге болатыны туралы қызықты мәліметтер мен бейнероликтер көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, топтық жұмыстар мен көріністер арқылы табиғатқа жанашырлық танытудың маңызын көрсете білді. Сынып сағаты оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, судың әр тамшысының қадірін түсінуге жол ашты.
Суды үнемдеу — болашаққа қамқорлық!
Табиғатты аялау әрқайсымыздың міндетіміз!
Сынып жетекшісі: Изтаева Б.А.

