«Мектебім, саған мың алғыс!»
«Мектебім, саған мың алғыс!»
23 мамыр 2025 жылы №38 қазақ орта мектебінің жас түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам жасады. Бұл күн — мектеппен қоштасудың ғана емес, болашаққа бастар үміт пен сенімнің, жүректерге мәңгі сақталатын естеліктердің күні.
Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатып, адамгершілікке баулыған аяулы ұстаздарға, әрбір оқушының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан мектеп ұжымына түлектердің алғысы шексіз.
Мектеп — тек білім ордасы ғана емес, әрбір жүректе мәңгілік орын алатын, сағынышқа толы асыл мекен.Мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тілейміз! Алда күткен үлкен белестерге сеніммен қадам басыңдар!
Сыныбы: 11 «Ә»
Сынып жетекшісі: Кузбаева Эльмира Букенбаевна.