Lesson Study аясында сабақ өткізілді.
Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі тақырыбында 9 «Б» сыныбында Lesson Study аясында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуын бағалап, еліміздің аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыстарын талдады.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөлін түсінуіне ықпал ету, халықаралық ұйымдармен байланысын саралап, талдау дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындалып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.
Пән мұғалімі: Жаңабаева Д.




