«Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
«Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 5 б сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, суға шомылу кезіндегі сақтық, өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері және табиғат аясындағы қауіпсіздік туралы ақпараттар айтылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінді.
Сынып жетекшісі: Кузбаева Э.Б






