8 “А” сыныбында 25 мамыр күні “Заң және тәртіп – Конституция құндылықтары” атты сынып сағаты өткізілді
8 “А” сыныбында 25 мамыр күні “Заң және тәртіп – Конституция құндылықтары” атты сынып сағаты өткізілді
✅Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заңды құрметтеуге, құқықтық сауаттылыққа, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Азаматтық ұстанымды қалыптастырып, құқықтары мен міндеттерін білуге баулу.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Конституция – еліміздің негізгі заңы екені, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі түсіндіріліп, оқушылар әділдікке, жауапкершілікке, ел заңдарын құрметтеуге тәрбиеленді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау және саналы азамат болудың маңызы талқыланды.





