ҚР, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауд., Ағайынды Жұбановтар 261 А үй
45-81-74,45-81-75 87758282777
kazschool_38@mail.ru

Автор: admin

11”Ә”сынып оқушылары Қалалық білім бөлімінде өткізілген ашық есік күніне барып қажетті ақпараттар алып келді.

Бүгін 17.10.2024ж 11”Ә”сынып оқушылары Қалалық білім бөлімінде өткізілген ашық есік күніне барып танысып өздеріне қажетті ақпараттар алып келді.Сынып жетекшісі Кузбаева Э.Б.

“Funny English”

16.10.2024ж “Language is the key of soul” атты ағылшын тілі апталығында 5-6-7 сыныптар арасында “Funny English”атты сыныптан тыс іс шара өтілдіӨткізгендер: Б.Ж БерниязоваН.Т Ескарина

“Алтын түлек” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.

2024 жылдың 16 қазанында 10-11 сынып оқушылары арасында “Алтын түлек” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Жалпы олимпиадаға 20 оқушы қатысты.Қалалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!@zerdeli.aqtobe

“Nationalities” тақырыбында ашық сабақ өтті.

15.10.2024жСыныбы: 5”А”“Nationalities” тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ мақсаты: Елдер мен ұлттарды ағылшын тілінде үйрену барысында оқушылардың өзара ынтымақтастығын арттыруӨткізген: Б.Ж Берниязова

“Language is the key of soul” атты ағылшын тілі апталығында 6 А сыныбында “Heroes”тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

16.10.2024ж “Language is the key of soul” атты ағылшын тілі апталығында 6 А сыныбында “Heroes”тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Өткізген: Б.Н.Тлегенова

Біздің жетістіктеріміз!!! Құтты болсын!

“BILIM KAZYNA” КММ ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеніңде 8 “Ә” сынып оқушысы Аватова Жангүлім Жандарбекқызы физика пәні бойынша бойынша “Алғыс хатпен” марапатталды. Жетекшісі: Ерқұлова Балжан Жылқышықызы Құттықтаймыз 👏💐 “BILIM KAZYNA” КММ ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеніңде 9 “А” сынып оқушысы Нұрлыбекқызы…
Читать далее

«Мектеп Парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп президентінің сайлауы өтті.

15.10.2024 күні «Мектеп Парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп президентінің сайлауы өтті. Сайлауға мектеп мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп президенттігіне үлгерімі жоғары және тәртібі жақсы 5 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде 10 «А» сынып оқушысы Көпжасар Дильназ Октябрьқызы басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттілігіне сайланды.

“Сабақ үдерісіндегі критериалды бағалау тапсырмаларын қалыптастыру” тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

№ 38 қазақ орта мектебінде Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Сабақ үдерісіндегі критериалды бағалау тапсырмаларын қалыптастыру” тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді. Семинар барысында қатысушыларды тіркеп,ашылу салтанатында мектеп директоры Л.Ш.Урекешова және «Өрлеу» БАҰОФ  Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы  Ж.О. Жубаева  сөз сөйлеп,семинар бағдарламасымен және мақсатымен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп,семинар бағдарламасына сәйкес баяндама…
Читать далее

Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында біріңғай сынып сағаты өткізілді

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде 2024 ж. 14 қазан күні халық қаһарманы Р.Қ.Қошқарбаевтың туған күні қарсаңында “Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында біріңғай сынып сағаты өткізілді

Халқының батыр ұлдарын еске алып, мектебіміздің оқушыларының отансүйгіштік сезімін оятатын Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл.

Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ екендігін, тарихи ерлігін небәрі 21 жасында жасағанын, батырдың дүниеге келгеніне биыл 100 жыл толып отырғанын әңгімелеу. Халықтың батыр ұлдарын есте ұстап,патриоттық сезімдерін ояту.